Түсініксіз жағдайда жоғалған: Ақмола облысының тұрғыны екі жылға жуық уақыт баласын іздеуде
Ақмола облысы Щучье қаласының тұрғыны ұлын екі жылға жуық уақыт бойы таппай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sinegor.kz Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жігіт 2022 жылдың көктемінде белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Наурыздың 17-нен 18-іне қараған түні Сергей Быстров жұмыстан кейін үйіне қайтып келе жатқан. Үйдің подъездіне кірген, бірақ пәтерге жетпепті. Жігіт содан бері табылмаған.
Полиция мен еріктілер Сергей жоғалған күннен бастап іздеуді тоқтатқан жоқ, бірақ бәрі нәтижесіз дейді. Жігіттің анасы баласы қайтып келер деген үмітте.
Сергей Быстровты көрген немесе жігіттің қайда екенін білетіндер болса, көрсетілген нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 705 544 12 57.
Құпиялылыққа және сыйақыға кепілдік беріледі.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан