Түркияда жақын күндері тағы да жер сілкінісі болады деп күтілуде
Түркияда жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарда магнитудасы бестен асатын дүмпулердің қайталануы күтілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір аймақта жер асты дүмпулері төрт минут сайын сезіліп тұр. Осы уақытқа дейін 4700-ден астам жер сілкінісі тіркелді, қырық жер сілкінісінің магнитудасы төрттен жоғары.
Түркия қала құрылысы министрі Мұрат Курумның айтуынша, табиғи апат салдарынан Түркияда 84 мыңнан астам үй қираған немесе қатты зақымданған.
Апатты аймақтарда тұрғындарға әлі де үйлеріне қайтпауға және ғимараттардан алыс болуға кеңес беріледі. Алайда балама мүмкіндік болмағандықтан, жергілікті тұрғындар киім-кешек пен жеке заттарын алу үшін үйлеріне қайтуға мәжбүр. Түрік билігінің мәліметінше, соңғы жер сілкінісінен 20 миллион адам зардап шекті. Бір ғана Түркияда 38 мыңнан астам адам, ал көршілес Сирияда кем дегенде 5,900 адам қайтыс болды.
Табиғи апаттар және төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) хабарлауынша, Хатай қаласының Арсуз ауданында 5,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, жер сілінісінің эпицентрі Жерорта теңізінде болған.
Арсуздан 6 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі 9,26 шақырым тереңдікте тіркелді.
Хатай губернаторы Рахми Доган өз сұхбатында бұл жер сілкінісінен кейін ғимараттардың зақымдануы немесе қирауы сияқты жағымсыз оқиға туралы ешқандай хабарлама алмағандарын айтты.
"Біздің топтар аумақты зерттеуді жалғастыруда", - деді Рахми Доган.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?