Түркиядағы қазақстандық студенттерді қабылдауға дайынбыз - Саясат Нұрбек
Еліміздің Жоғары оқу орындары Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыстамыз. Біз шетелде оқып жүрген, оның ішінде Түркияда оқып жүрген өзіміздің азаматтарымызды, қандастарымызды қабылдауға дайынбыз. Ол үшін қабылдау ережелерін өзгерттік.
Бұрын тек қана сессияның арасында немесе жазғы демалыстар кезінде ғана ауысатын болса, қазіргідей қиын жағдайда біздің университеттер қабылдауға дайын", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”