Түркістандық ер адам көлік алуға несие рәсімдеп 200-ден аса алматылықты алдап кеткен
Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп, 200-ден астам адамды өзіне көлік алуға көндіріп, алдап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, аталған іс бойынша 232 жәбірленуші бар.
"Ер адам ай сайынғы төлемді өзі төлеймін деп, бейтаныс адамдарға көлік алуға несиесін рәсімдетіп, көліктерді алып, із-түзсіз жоғалып кеткен", – делінген хабарламада.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол осыған ұқсас қылмыстарды жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарын 133 миллион теңгеге алдап соққаны туралы жазған едік.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”