Түркістан облысында жеті айлық бала сырт киімнің қыстырғышын жұтып қойды
Түркістан облысында сырт киімнің қыстырғышын жұтып қойған жеті айлық бала тұншыға бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел жәрдем 9 минутта келді. Дәрігерлер баланың тамағынан қастырғышты алып тастады.
Олар нәрестені ауруханаға жеткізіп, тексеруден өткізді. Кішкентай науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Түркістан облысының жедел жәрдем стансасы қызметкерлерінің айтуынша, жыл басынан бері олар бөтен заттарды жұтып қойған 1330 баланы құтқарған. Сонымен қатар, 600-ге жуық ересек адам көмекке жүгінген.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған