Түркістан облысында мектептегі қазандық жарылып, бір адам көз жұмды
Түркістан облысы Ошақты ауылында төтенше жағдай орын алды. Мектеп аумағында орналасқан жылыту қазандығы жарылып, от жағушы болып жұмыс істеген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің сөздерінше, жеке ғимаратта орналасқан жылыту қазандығындағы жарылыс таңғы 9:00 шамасында болған. Жарылыстың қатты болғандығы сонша бу қазандығы ұшып кеткен. Мұғалімдер мен оқушылар зардап шеккен жоқ. Оқиғадан кейін бірден үйлеріне қайтарылған.Мектепте жылыту қазандығы қосылғанша оқушылар онлайн форматта білім алады.
Қаза тапқан ер адамның 59 жаста екені анықталған. Марқұм туыстарымен бірге тұрған, отбасы мен балалары жоқ. Алдын ала деректерге сәйкес қатты отынмен жанатын қазандық жарылған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Бұл өмірде қосылмасақ, ана өмірде бірге боламыз": Астанадағы қанды оқиға алдында не болғаны белгілі болды
Марқұмның жақындары редакцияға сұхбат берді
Алматыда "ауған майналары" көбейіп барады: Бұл несімен қауіпті?
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз