Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасап, аман алып қалды

Түркістан облысының дәрігерлері жаңа туған сәбиге ота жасап, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Отырар" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің екінші жүктілігі мен босануы ауыр өткен. Бала гипоксия диагнозымен дүниеге келді. Екінші күні сәбидің асқазанынан қан кетіп, гемоглобині төмен түсіп кеткен. 

№1 облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігерлері шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады. Баланы басқа жерге тасымалдау оның денсаулығына қауіп төндірер еді. Облыстық балалар клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалар хирургі С. Сарыбай мен анестезиолог-реаниматолог Е. Рахимов прибыли перинаталдық орталыққа келіп, сәбиге шұғыл көмек көрсетті. 



"Асқазанның идиопатиялық жарылуы — жаңа туған сәбилерде сирек кездесетін хирургиялық дерт. Ол аяқ астынан пайда болады. Әріптестерімнің арқасында баланың жағдайы тұрақталды. Олар сәбиді операцияға дайындай алды. Қаіп үлкен еді", - дейді хирург Сұлтанғали Сарыбаев. 

Қазіргі уақытта Рамазанның жағдайы жақсы. Салмақ қосып, анасымен бірге ауруханадан шығарылды. Жас ана дәрігерлерге алғыс айтты.

Талқылау