Түркістан облысында аңға шығып, із-түзсіз жоғалған мұғалімнің денесі табылды
Түркістан облысында 10 шақты күн бұрын жоғалған мектеп мұғалімінің денесі табылды. Ол аңға кеткеннен кері үйіне оралмаған болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: ҚР ІІМ Баспасөз қызметі
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің Тelegram-арнасында жазылды. Дерекке сүйенсек, дене шынықтыру пәні мұғалімін құтқарушылар мен полиция, еріктілерден құралған 100-ге жуық адам 24 ақпаннан бері іздеген. Араға 10 күн салып тұрғынның денесі табылды.
“Аталған жайт Бәйдібек аудандық полиция бөліміне қылмыстық кодекстің 1-бабы "Адамның қайтыс болуы" бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды”, – делінген полиция ақпаратында.
Еске салайық, Stan.kz бұған дейін Түркістан облысында досымен аңға шығып, із-түзсіз жоғалған Нұрлан Аймаханов туралы жазды. Ол кезде мектеп мұғалімінің әкесі құтқарушылардың іздеу жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан еді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр