Түркістан облысында 114 шетел азаматының заңсыз жүргені анықталды
Түркістан облысында 114 шетел азаматы заңсыз жүргені анықталды. Олардың 50-і елден шығарылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында полиция департаменті 10 тәулік ішінде өңірде заңсыз жүрген өзбек азаматтарын анықтаған. Бірден әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша хаттама толтырылып, іс құжаттары сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 50 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан аластатылса, төрт шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған Қазақстан Республикасының екі азаматының әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынды, - делінген ақпаратта.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті