Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бақилық болды
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов өмірден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 15 шілде күні кешке Facebook парақшасында аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды.
"Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - делінген хабарламада.
Өлімнің себебі көрсетілмеген.
Қосман Айтмұхамбетов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған