Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов бақилық болды
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов өмірден өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы 15 шілде күні кешке Facebook парақшасында аймақ әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жазды.
"Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - делінген хабарламада.
Өлімнің себебі көрсетілмеген.
Қосман Айтмұхамбетов 2019 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан
"Піштіремін деп қорқытты": Ақтөбеде университеттің экс-оқытушысы малшыны соққыға жықты деген күдікке ілінді
Бахилин бала күнінен әркімнің малын бағып келеді