Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Туризм және спорт министрі Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады

ҚР Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Шавкат Рахмоновты UFC жекпе-жегіндегі кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тіледі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

шавкат

Ермек Маржықпаев Рахмоновты ел мақтанышы деп атады.

“Еліміздің тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавқат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!”, – деп жазды министр өзінің Telegram-арнасына.

Ол Рахмоновқа бұл жеңістің оңай келмегенін атап өтеді.



“Қарсыласы да өте қарымды спортшы. Стивен Томпсон өзінің спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Соған қарамастан Шавқат қазақ жігітіне тән мінез көрсетіп, намысты қолдан берген жоқ. Жерлесіміздің алдағы сайыстарына да сәттілік тілеймін. Тек жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін”, – деп жазды министр.

Еске сала кетейік, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ММА-дағы мерзімінен бұрын 18-ші, UFC-дегі 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Отандық боксшы Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен ұтқан.

Талқылау