Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен - қазақпын": Генадий Головкин жекпе-жек алдында жерлестеріне алғыс айтты

Атағы бүкіл әлемге дүркіреген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин туған жеріне деген сүйіспеншілігін паш ететін патриоттық роликті түсіруге қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшы бейнероликте "Мен - қазақпын " атты Жұбан Молдағалиевтің белгілі поэмасынан үзінді оқиды. Патриоттық рухқа толы бұл видеоны GGG өз инстаграм парақшасына жүктеген. 

Видеоның астына: "Жерлестеріме қолдау көрсеткені үшін рахмет! Мен туған жерімді ешқашан ұмытпаймын", - деп жазба қалдырды Головкин.

Бейнероликте Геннадий Головкинмен бірге балалар, спортшылар, ғалымдар, әскери адамдар мен ғарышкерлер поэмадан үзінді оқиды.

 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр - Сұлтан уақыты бойынша Головкин-Роллс бокс кеші 9 маусым күні таңертең өтеді, ал тікелей трансляция сағат 06.00-де басталады. Головкин үшін алдағы жекпе-жек жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің басшылығымен және dazn стримингтік сервисі бар алты келісім-шарт бойынша бірінші дебюттік жекпе-жек болады.


Тағы оқыңыз:

"Балаларымның болашағы үшін": Головкин неге шетелде тұрып жатқанын айтты

 

Талқылау