Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тойы Мальдив аралында өтті: Украиналық тележүргізуші қазақстандық кәсіпкерге тұрмысқа шықты (видео)

"Галстуксыз" авторлық шоуының арқылы танымал болған украиналық тележүргізуші Иванна Онуфричук Мальдив аралдарында қазақстандық кәсіпкерге тұрмысқа шықты.

бизнесмен

Бойжеткен өзінің Instagram-да үйлену тойындағы суреттері мен видеоларын бөлісті.

Украиналық газеттің хабарлауынша, кәсіпкер қалыңдықтың барлық еркелігін көтеріп, соның ішінде Мальдив аралдарындағы рәсімге және ливандық дизайнер Джордж Хобейкке той көйлегі үшін ақша төлеген.

Ивананың айтуынша, ол қазақ азаматымен Испанияда танысқан. Кәсіпкер трейдингпен айналысатын көрінеді, қазір Швейцарияда тұрады. Пандемияға дейін болашақ күйеуі сүйіктісін көруге Киевке жиі келетінін айтқан украиналық бойжеткен карантин басталған соң онлайн кездесулерге көшкенін жеткізді. Осындай кездесулердің бірі жігіттің қызға үйлену туралы ұсыныс білдіруімен аяқталған. 

Украиналық тележүргізушінің жарының есімі Алмаз. Күйеу жігіт қалыңдығына 13 караттық гауһартасы бар жүзік сыйлаған. 

"Алмаздың өмірдегі мақсаты - мен үшін идеал жар болу. Мұндай қасиет ерлерде кездесе бермейді", - дейді бойжеткен. 

"Неке қию салтанаты Мальдивте жеке Воава аралында өткен, оған Four Seasons қызметкерлері қызмет еткен. Жалпы алғанда Воава аралына 22 адамға дейін сыяды және оны жалдау күніне 40 мың доллар айналады. Дан Балан, Дима Монатик және оның қамқоршылары -  Lida Lee мен Ninо кеште ән шырқаған.

Сондай-ақ, үйлену тойына Амадор Лопес RUMBERO тобымен келген Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава жүргізді», - деп жазады газет.

Талқылау