Тойда көңілі босаған Саят Медеуов көз жасын тыя алмады (видео)
Марқұм анасын сағынған Саят Медеуов той үстінде көз жасына ерік берді. Ана туралы ән тыңдаған соң әншінің көңілі босады.
Саят Медеуов былтырғы жылдың шілде айында ата-анасынан айырылды. Әншінің анасы өмірден озды. Көп ұзамай әкесі бақиға аттанды.
"Саят Медеуов бауырымның анасы бірінші шілдеде көз жұмған-ды. Араға екі апта салып әкесі қайтыс болыпты. Арасы екі ақ апта. Ақсақалдың жүрегін жарға деген аңсау шыдатпаған болар? Бір сөзбен айтсақ - құсалық. Адал махаббат деген әдемі сөз емес, осы ғой", - деп жазды Серік Абас-шах.
Әнші анасымен қимай қоштасып, желіде жантебірентерлік жазба қалдырды.
"Мама, сіз туралы айтар сөзім таусылмайды, тоқтай алар емеспін. Бірақ менің Анам туралы айта беруім кімге керек деп деп қана тоқтадым. Мына дүниеде айталмаған жылы сөзім, жасай алмаған жақсылығым ,қателігім болса кешірші, МАМА. Балалығым өзіңізбен кеткендей күй кешудемін. Енді менің үйіме "мені сағынғандар барма" деп келмейсіз ғой, Мама", - деп жазды Саят Медеуов.
Жақында той үстінде ана туралы ән тыңдаған әнші тағы да көңіл-күйіне ерік берді. Көпшілік басу айтып, сабырлық тілеп жатыр.
"Сабырлы болыңыз, ата-анаңыздың барар жері жұмақ болсын", "Қазаны көтур оңай емес", "Жүрегі нәзік адамдарға ата-анасының қазасы ауыр тиеді", "Қайырлы болсын, иманы жолдас болсын", "Сізді жақсы түсінеміз, қалған ұрпағына денсаулық берсін", "Жүрегі жұмсақ азамат қой", "Қанша есейсек те әке-шешеге сәбиміз ғой", "Өмірден өткен анасын еске алып, тек тас жүрек жан ғана көзіне жас алмаса керек", - деп жазды олар.
Саят Медеуов: Әкемді қатты қызғанушы едіңіз қалдырыңызшы бізге, өзіңмен әкетпеші, Мама