Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақында ғана анасынан айырылған Саят Медеуовтің әкесі қайтыс болды

Қазақ эстрадасының белді өкілі, әнші Саят Медеуовтің отбасында тағы да қаралы хабар. Жақында ғана анасынан айырылған Саят Медеуовтің әкесі қайтыс болды.

Саят Медеуовтің әкесі өмірден озды. Бұл туралы Серік Абас-шах хабарлады.

"Саят Медеуов бауырымның анасы бірінші шілдеде көз жұмған-ды. Араға екі апта салып әкесі қайтыс болыпты. Арасы екі ақ апта...

Ақсақалдың жүрегін жарға деген аңсау шыдатпаған болар? Бір сөзбен айтсақ - құсалық. Адал махаббат деген әдемі сөз емес, осы ғой...

Екеуінің мекендері жұмақ болсын! Ауырмаңыздар! Қасыңыздағы жандардың қадірін біліңіздер! Өмір бір ақ рет беріледі", - деп жазды.

Күні кеше ғана марқұм анасын еске алып жазба жариялаған Саят Медеуов әкесінің ауырып жатқанын айтқан еді. 


Саят Медеуов: Әкемді қатты қызғанушы едіңіз қалдырыңызшы бізге, өзіңмен әкетпеші, Мама


Адамның емес, Алланың жазуы болады. Араға екі апта салып әншінің әкесі дүние салды. Қос тауынан бірдей айырылған әншіге өнердегі дос-әріптестері мен желідегі оқырмандары қайғыра көңіл айтып жатыр. 

"Иә, қарт кісілер көтере алмайды сыңарының кеткенін құсалық болар жаннатта жүздессін апаммен", "Саят ағамызға Алла сабыр берсін! Иманды болсын!", "Кеше ғана анасыз қалдым деп өзімді емес сыңарынан айырылды деп әкемді аяймын деген сөзін оқып едім.... қаза қайырлы болсын", "Қандай қиын жағдай, Алла назарына алсын, жатқан жерлері жарық болсын", "Алла имандарын берсін, алдынан жарылқасын атамыз бен апамыздың", - деді олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр