Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Той көйлегін 35 мың теңгеге алдым": Актриса Дариға Бадықова үйлену тойындағы қызықтарын айтты

Дариға Бадықова алғаш тұрмысқа шыққан сәтін еске алып, қызықты оқиғаларын айтып берді. Актриса бүгіні той мен бұрынғы тойды салыстырып өтті. Тойдың болғанынан "боладысы" қызық болғанын ескертіп, естеліктерін баяндап берді. 

"Біздің той несиеге жасалды. Ақша аз болды, артық еш нәрсе ала алмадық. Содан жас жұбайлар отыратын лимузин алайық, намысқа тырысайық деп едік, Текеліге сыймайды, ұзын көше, тар бұрыла алмайды деді. Өтірік алдады ма ақша кетеді деді ме, білмеймін.

Текелі қаласының тұрғындары "сіздер лимузин аласыздар ма?" деп сұрады. Содан не керек төрт досымыз біз ақша шығарайық, мерседес 600 алайық деді. Қуанып кеттік. Ақша аз кезде бір нәрсе түгенделді дедік. Сонымен осы машинаға отырып әбден қыдырдық", - деп жазды актриса.

Дариға ханым той көйлегін жолдасы екеуі бірге таңдаған. 

"Тойға киетін көйлегімді таңдаймын деп барахолка базарына күйеуімді ертіп алып бардым. Күйеуіме тойға дейін көрсетпеймін көйлегімді дейтін қыздар бар екен ғой, маған ондай ой кіріп-шығып жүрген жоқ. Алматыда ешқандай туыс жоқ, далаң-далаң етіп күйеуім екеуміз барып алдық. Сөйтіп, жетпіс мың теңгенің көйлегін көріп шатырым кетті. Жанымдағы адамның түріне қарасам, қымбат қой алмай-ақ қойшы деген мүсәпір түрмен қарап тұр. Құрсыншы деп отыз бес мыңға алдым осы көйлекті. Фатасы 2000 теңге. Туфли 5000 теңге. Мойындағы әлем -жәлем 1200 теңге. Қолдағы гүл өлі гүл. Осығанда шүкір деп мәзбіз", - деді Бадықова.



Актриса тойының несиеге алған ақша өткенін, той көйлегін арзан ақшаға алғанын, лимузинсіз той қыдырысын өткізгенін ашық айтты.

"Той күні макияж жасатайын деп, бір салонға бардым. Алдымнан үлкен орыс апа шыға қалды, мен жасаймын дегенде шошып кеттім. Енді ерте гастрольдік сапарға көп шыққандықтан, бет бояйтындарды жақсы ажыратамын. Ана кісінің жасай алмайтынын біліп, "настроение нәскиге" түсті. Әй құрсын, не болсада көрейін деп отыра қалдым. Апам деген өз жұмысын бастады. Әйтеуір аяқтауы тез болды.Түріме қарасам жұмыртқа болды. Екі қас екі жаққа қыдырып кеткен. Көзде көк далап. Сонымен, ақ мерседеспен қыдырысқа кеттік. Күйеуімде дым қақпайды ғой деймін, үндемеді. Ол макияждың ақшасын дос қызым берді. Әйтпесе ше, макияж жасату ойда да жоқ, оған қоса артық ақшада жоқ! Үйден өзім жасай саламын деп жүргем. Сол түрмен тойды өткіздік қой. Жалпы менде әңгіме бітпейді, жай ғана жазғанға ерінемін", - деп жазды актриса. 

Желідегі оқырмандары қызықты естеліктер мен шынайылық үшін алғысын айтып, бір күліп алды. 

"Әкеңнің тегін сақтаған дұрыс деп ойлаймын", "Күйеуіңнің суретін неге көрсетпейсің?", "Дариға, неше балаңыз бар?", "Естеліктеріңіз керемет, қарапайым, шынайы, өмірден алынған", "Бір күліп алдым, біздің де той осылай өткен", "Қарапайым жансыз, көпшілік алдында айтуға арланбайсыз, бәрі шынайы", - деп жазды олар. 

Талқылау