Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігі су басқан аймақтардағы жағдай туралы баяндады

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынынан зардап шеккен аймақтағы қазіргі ахуал туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖМ

Қазір Атырау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында су сору жұмысы жалғасып жатыр. 

Атырау облысының Құлсары қаласында 100-ден астам жеке тұрғын үй мен 10 бизнес нысаны су астында қалып отыр. Құтқарушылар 2815 үйден су бұрып, сору жұмыстарын жүргізген. Дәл осындай жұмыстар СҚО-да да атқарылған. 

“Өңірдің эвакуациялық пункттерінде 769 адам бар. Олардың 430-ы – балалар. Еске сала кетейік, 2024 жылдың 7 сәуірінен бастап облыста жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып тұр. Жайық өзеніндегі су деңгейі артып жатыр. Төмендеу байқалмайды”, – делінген хабарламада. 

Бүгінде ел бойынша 49819 адам өз үйлеріне оралды. Су тасқыны басталғалы бері 15 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

Талқылау