Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төтенше жағдай: Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр (видео)

Атырау облысында апатты жағдай. Жылой ауданындағы Теңіз кен орнында күкірт аралас түтін ауаға таралып жатыр, деп хабарлайды КТК.

8341592d8c64d60bd

Бұл жағдайды осы кен орнының жұмысшылары ұялы телефондарына түсіріп алыпты.

Оқиға кеше таңертең сағат 9-дар шамасында, «Кешенді технологиялық желі» зауытында болған. Мәліметтерге қарағанда, әуелі зауыттың мұржасында газ жағылып, артынша будақтап күкірт шыға бастапты. Және күкірт сол маңдағы бірнеше гектар жерді ластаған.

Осы ақпараттың анық-қанығын білу үшін оқиға орнына экологтар мен прокурорлар жедел аттанып кетті. Олар қоршаған ортаға қандай мөлшерде зиян келгенін анықтаған соң, алпауыт мұнай компаниясына қомақты айыппұл салынуы мүмкін деп отыр.

“Экология департаменті іске кірісті. Нақты мәліметтерді солардан алуға болады”, – дейді Жылыой ауданының прокуроры Балнұр Есенгелдинова.

Таразда қыз баланы құтқарып қалған оқушының өзі ажал құшты

Алматы зообағында жыртқыш құстар отырған торға ағаш құлап түсті (фото)

Ақтөбеде 17 жастағы қыз хат жазып қалдырып өзіне қол жұмсады

Таразда жойқын дауылдан үш адам ажал құшты

Талқылау