Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төсек ләззатын қалаймын": Қазақ әйелі күйеуінің 4 жылдан бері төсекте жақындаспай жүргенін айтты

Рауза есімді келіншек отбасылық мәселені көпшілік алдында талқылады. Ол күйеуімен төсек қатынасында қиындықтар барын айтады. Ал, жолдасы оның сынымен келіспейді.

Бұл туралы "Неке сыры" бағдарламасында айтылды.

Рауза есімді келіншек күйеуімен арадағы басты мәселені айтты. Ерлі-зайыпты төрт жылдан бері төсекте суи бастаған. Ал, соңғы бір жылы ішінде мүлде жақындаспағанын айтады. Бұған не себеп екенін өзі де білмей дал.

"Біз Арман екеуміз тойда танысқанбыз. Ол кезде ол қарапайым жігіт еді. Қазіргідей ақшасы көп болған жоқ. Мен оның сырт-келбетіне қызықтым. Солай ұнаттым. Бастапқыда бәрі жақсы болды. Екеуміздің 7 жастағы ұлымыз бен 5 жасар қызымыз бар. Екеуі де махаббаттан туған. Алайда 4 жылдан бері төсекте дұрыс болмай жүрміз. Тіпті соңғы бір жыл ішінде мүлде төсекте жақындасқан емеспін. Оған не себеп екенін айтсам, жұмысын сылтау етеді. Шаршағанын айтады. Басқа ешнәрсе айтпайды. Ажырасайық десем, оған көнбейді", - деді Рауза.


Жұлдыз Өмірғали: Жыныстық қатынастан еркек қана емес, әйел де ләззат алу керек


Рауза үйде отырған әйел. Жолдасы Арман жұмыс істеп, ақша тауып, бала-шағасын толық қамтамасыз етіп отыр. Әлеуметтік жағдайымыз жақсы деген Рауза тұрмысына еш өкпесі жоқ. Тек төсек тақырыбы талайбен бері мазалап келеді екен. 

"Мен оның ізіне түсіп аңдығанмын. Көңілдесі бар ма деп ойладым. Бірақ ешқандай айғақ таппадым. Өзім психологке барып көрдім. Арықтауға тырыстым. Бірақ Арман "Сенде мін жоқ. Сені жақсы көрем. Саған ешқандай айыбым жоқ" дейді. Тек шаршағанын айтады. Бірақ мен әйел болған соң төсекті қалаймын. Ол мені түсінбейді. Есі дұрыс еркек бір жылдан бері қалай төсекте болмай жүре береді?", - деді ол. 

Нумерологтің пікірінше, Арманның денсаулығында еш кінарат жоқ. Тек жұмысбасты болған соң әбден басқа ойға берілген адам екенін айтады. Бизнеспен айналысқандықтан мәселе сонда деген пікір айтты. Одан бөлек әлденеге Раузадан көңілі қалып, сол ренішін ұмыта алмай жүруі де мүмкін дейді.  

Ал, урологтің айтуынша, Арманның денсаулығы дұрыс емес. Қазір белсіздік мәселесі ересек еркектерде ғана емес, жастарда да бар деген ойын жеткізді. 

"Мен жұмысты көп ойлаймын. Несие алғандықтан оны қайтаруды ойлаймын. Оның күнделікті есебі бар. Сондықтан күйзелісте жүрген адаммын. Басқа мәселе жоқ", -деп ақталды Арманның өзі.

Мәселенің бәрін Арманның досы айтып берді. 

"Арманның шындығында денсаулығында кінәрат бар. Ашығын айтсақ, оның жыныс мүшесі ауыр дертке шалдыққан. Ол онысын әйелінен де, басқадан да жасырады. Оны әйелі түсінбейді. Ешқандай көңілдесі жоқ. Өзі дәрігерге де бармайды. Мен оны талай рет маманға бар деп сүйредім. Осы себепті отбасында осындай жанжал болып жатыр", - деді Салауат. 

Арман Салауатқа жеке құпиясын жасырғаны үшін реншіп айтып, студиядан шығып кетті. 

Талқылау