Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Залда тамақтануға, ұйықтауға мәжбүрміз: төрт баласы бар жалғызбасты отағасының тұратын үйі жоқ

Төрт баланың анасы оларды үш жыл бұрын тастап кеткен. Бұл туралы Мой Город басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Еслям Айтмабетовтың әйелі кішкентай қызы 11 айлық болғанда үйінен кетіп қалған. Айтмабетов әйелін сол уақыттан бері көрмеген.

“Ол тұрмысқа шығып кетіпті деп естідім. Балаларға келген жоқ. Олардың тағдырымен ешқашан қызыққан емес. Балалар да оны сағынбайды. Мүмкін, оған өкпелі шығар. Мен алименттерді талап еткенмін. Бірақ оны таба алмай жүр. Мемлекеттен төрт балаға 10 мың теңге көлемінде жәрдемақы аламын. Бұл ақша нан алуға да жетпейді”, — дейді отағасы.

Отбасының өз үйі жоқ. Еслям Айтмабетов балаларымен, анасымен Жүнісова, 98 мекен-жайы бойынша 20 шаршы метрлік кішкентай бөлмеде тұрады. Бұл бөлмеде тұру үшін ер адам 35 мың теңге төлейді. Коммуналды қызметтерге берілетін ақша бұл соммаға кірмейді.

Үй шаруасымен айналысуға 70 жастағы анасы көмектеседі. Келіні кетіп қалған соң, Самиға апа ұлына көшіп келген. Ол жасына қарамастан үйдегі барлық шаруаны жасап тастауға тырысады.

“Мен тамақ дайындаймын. Балаларды мектепке алып барамын. Кішкентайларды шомылдырамын. Барлық зейнетақымды тамаққа жұмсаймын. Бәріненде 14 жастағы Эльнараға қиын. Ол жасөспірім. Оған жеке бөлме керек. Дәлізде киімін ауыстырады. Бізде алты адам бір бөлмеде ұйықтайды. Балалардың жынысы әртүрлі.

Олардың үлкені Ілияс 15 жаста, Мирас сегізде, ең кішкентай Эмилия бар болғаны төрт жаста. Үлкендер мектепке, ал Эмилия балабақшаға барады. Мен қолымнан келгенше балама көмектесемін, балаларға қараймын. Бірақ денсаулығым нашарлап барады. Жүрегім ауырады, қанқысымым ойнап тұрады. Оларды уайымдаймын. Мен болмағанда қайтеді? Балалардың еш кінәсі жоқ қой”,— дейді 70 жастағы ана.

Отағасының сөзінше, ол тұрғын үй алуға кезекке 2014 жылы тұрған.

“Екі жыл бұрын мен 1924 нөмірмен тұрдым. Өткен жылы 5000 нөмірмен кезекте болдым. Әкімдікке жолықтым. Бірақ ол жердегілер кезекті күту керек дейді. Өзім жиһаз фабрикасында жұмыс істеймін. Өткен жылы фабриканың басшылығы бізге шкаф пен бала жататын төсек сыйлады. Мектеп те киіммен көмектеседі. Мен қолда ақша болу үшін демалыс күндері қосымша жұмыс істеуге тырысамын. Балалардың әрдайым қарны аша береді ғой. Бірақ бәрінен де бізге тұрғын үй керек. Мына үйде ешқандай жағдайлар жасалмаған. Дәретхана далада. Балаларды ас үйде жуындыруға тура келеді. Залда тамақтануға, ұйықтауға мәжбүрміз”, — дейді Еслям Айтмабетов.

Осыған дейін де Айтмабетовке тұрғын үй тұрғысынан көмек керек еді. Оған депутаттардың бірі көмектесіп, пәтердің үш айлық құнын төлеп берген. Ол кезде Айтмабетов отбасымен Шевченко көшесінде орналасқан үйде тұрған.

Еслям Айтмабетовтың жанұсы кез келген көмекке риза болады. Егер көмектесіп, қол ұшын созамын десеңіздер, 8 705 216 39 85 нөміріне хабарласа аласыздар. Және қаражатты Kaspi Gold-қа 5169 4931 2647 1625 аударуға мүмкіндіктеріңіз бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау