AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Серіков: Әкемді сағынғанда балаларымнан тығылып жылаймын

Тоқтар Серіков 2014 жылы ұзақ уақыт ауырып, дүние салған әкесіне деген сағынышын айтты. Әнші әлі күнге дейін балаларынан жасырынып жылайтынын жасырмады. 

Бұл туралы «Ең алғашқы» бағдарламасына айтылды.

Кішкентайынан Тоқтарды өнерге баулып, қасынан тастамай алып жүрген, өмірлік ұстаз болған асқар тауынан айрылу өнер иесіне оңай соқпаған. 

«Әкемнің қазасы – өмірімдегі ең үлкен өкініш. Мектепте оқитын кішкентай кезім. Көрпенің астына кіріп кетіп жылайтынмын. Сонда осы күнді ойлайтынмын. "Түбі мен әкем мен шешемнен айырылып қалам ғой" деп ойлайтынмын. Сол өкініш кішкентай кезімде көкейімде тұратын. Сол кезде «Алла Тағала, менің әке-шешеме тиіспей-ақ қойшы» деп жалынатынмын. Ең үлкен қасірет – жақыныңнан айрылу», - деп көзінің жасын сығып алды.



«Әкемнің үйге соңғы киіп келген тоны бар. Басқа киімдерін жібердік. Тонын ешкім сұрамаса екен деп тығып қойғам. Әлі күнге дейін әкемнің иісі бар. Кейде тоңам. Сағыныштан тоңам. Кәдімгідей іздеп, қалтыраймын. Сол кезде әкемнің тонын кием де, бөлмеге кіріп алып жатам. Балаларым көріп қоймасын деп, тығылып жылаймын. Адам баласының ішінде ешкім біле бермейтін дүниелер бар. Соның бірі осы – әкеме деген сағыныш», - деп жан сырын ақтарды Тоқтар Серіков.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр