Токио Олимпиадасы аяқталды: Қазақстан қай орынға жайғасты?
Бүгін, 8 тамызда Токиодағы Олимпиада ойындары аяқталды. Соңғы ойын су добы бойынша өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер арасында су добынан финалда Сербия Грецияны жеңіп, 2020 жылғы Олимпиада ойындарын аяқтады.
Қазақстан Токио Олимпиадасынан алтын да, күміс те ала алмады. Қоржынымызда тек сегіз қола медаль бар. Жалпы командалық есеп бойынша еліміз 83-орынға жайғасты.
Біздің алдымызда көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдері бар.
1. АҚШ – 113 медаль
39 алтын, 41 күміс, 33 қола
2. Қытай – 88 медаль
38 алтын, 32 күміс, 18 қола
3. Жапония – 58 медаль
27 алтын, 14 күміс, 17 қола
4. Ұлыбритания – 65 медаль
22 алтын, 21 күміс, 22 қола
5. Ресей – 71 медаль
20 алтын, 28 күміс, 23 қола
6. Австралия – 46 медаль
17 алтын, 7 күміс, 22 қола
7. Нидерланд – 36 медаль
10 алтын, 12 күміс, 14 қола
8. Франция – 33 медаль
10 алтын, 12 күміс, 11 қола
9. Германия – 37 медаль
10 алтын, 11 күміс, 16 қола
10. Италия – 40 медаль
10 алтын, 10 күміс, 20 қола
31. Өзбекстан – 5 медаль
3 алтын, 2 қола
70. Қырғызстан – 3 медаль
2 күміс, 1 қола
77. Түркіменстан – 1 медаль
1 күміс
83. Қазақстан – 8 медаль
8 қола
Бізді Фиджи, Сан-Марино, Намибия және басқа да шағын мемлекеттер басып озды. Токио Олимпиадасының толық нәтижесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.