Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бедеулік мәселесі туралы айтып, "Аңсаған сәби" бағдарламасын жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 2021 жылы "Аңсаған Сәби" бағдарламасын іске қосуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Эко бағдарламасы бойынша квота санын 7000-ға дейін өсіру керек, демек 7 есеге өседі", - деді президент.

БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан халқының өсіміне болжамы көңіл көншітерлік емес екенін айтты.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, елімізде өкінішке орай әрбір алтыншы отбасы бала сүю бақытынан айырылған.

"Әлеуметтік сауал салу қазақстандықтардың шамамен 20 пайызы «бұл ажырасуға үлкен себеп» санайтындығын көрсетті", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай ақ, балалар қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне көңіл бөлу керектігін атап өтті. 

"Біз кәмелетке толмаған балаларға көрсетілген зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікті айтарлықтай қатаңдаттық. Алайда бұл мәселе әлі де өзекті. Ондай қылмыскерлер одан да қатаң жазаға, кешірім жасау құқығынсыз, мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жазаға лайық. Олар барынша қауіпсіз мекемелерде қамалуы керек. Әрбір іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында болуы тиіс", - деді ол.

Сондай ақ ол әлеуметтік құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі мен бей-қам қарауы қатаң жазаланатынын айтты.

"Жалпы бізге әлеуметтік құқықтың жаңа парадигмасы керек. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы 17 заңмен және ондаған ережемен реттеледі. Бұл реттеудің күрделілігі мен әртүрлілігіне әкеліп соқты", - деді ол жолдауында. 


Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні

Талқылау