Тоқаев төтенше жағдай режимін алып тастау туралы мәлімдеме жасайды
11 мамыр күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында Мемлекет басшысы коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр", - деп жазды Берік Уәли фейсбук парақшасында.
Бұған дейін президент 11 мамыр күні заңға сәйкес індеттің жаңа өршуі болмаса, ТЖ режимі аяқталатынын мәлімдеген еді.
Мемлекеттік комиссия карантиндік режимді, ең алдымен, вирустың таралу жағдайы бақылауда болатын облыстар мен қалаларда жеңілдетуге дайын.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"