Тоқаев Путинмен қарым-қатынасы туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Катар экономикалық форумының панельдік сессиясында Ресей президенті Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Иә, ол Владимир Путин әлі де Қазақстанның сенімді одақтасы. Ал өз елімнің президенті ретінде мен Путинмен тығыз қарым-қатынаста болғаныма өте қуаныштымын", - деп жауап берді Мемлекет басшысы Bloomberg телеарнасының жүргізушісі Манус Крэнни сұрағына.
- "Украинаның кейпін киеді": Мемлекеттік Дума Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін Қазақстанға сес көрсетті
-
Ресей мен Қырғызстан Тоқаевтың мемлекеттік наградалардан бас тартуына қатысты пікір білдірді
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей көшбасшысының жеке сұхбатында Қазақстанның Донецк пен Луганск мәселесіне қатысты ұстанымы туралы сөзіне ешқандай реакция білдірмегенін айтты.
Еске салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты пікір білдірген болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды