Тоқаев көліктерге салынатын утиль алым көлемін 250 мың теңгеден асырмауды тапсырды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге автокөліктерді әкелудің заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде мемлекет басшысы 1 қыркүйек күні халыққа жолдауында айтты.

"Алдағы уақытта көліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте биылғы жылдың қыркүйегіне дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.
Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде утиль мөлшері мен бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын", – деді президент.
Тоқаев сонымен қатар бұл шараның іздеуде жоқ және кедендік "тазалықтан" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек екенін атап өтті.
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
"Азық-түлік екі есе арзан, вирус жоқ": Қазақстандық жігіт отбасын алып табысы төмен Африка аралына көшіп кеткен
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”