Тоқаев ешқандай партияның құрамында жоқ бола тұра сайлауға қатыса ала ма – Министр жауап берді
Президент сайлауына ұсынылатын үміткердің партия мүшесі болуы міндетті емес. Әділет министрі Қанат Мусин Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлауға үміткер ретінде қатысатынын айтты. Оның "Amanat" партиясының құрамында жоқ екені белгілі. Заң бойынша азамат өзін-өзі ұсына алмайды. Сонда ол сайлауға қандай жолмен түседі?" – деп сұрады БАҚ өкілі.
Министрдің айтуынша, Президент сайлауына үміткерді саяси партия ұсынуы үшін оның сол партияның мүшесі болуы міндетті емес. Алдағы президент сайлауына қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын өзі мүше емес партиялар да ұсына алады.
"Қоғамдық бірлестік болсын, саяси партия болсын, ұйымға мүше емес адамды сайлауға кандидат ретінде ұсына алады", – деп жауап берді министр.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"