Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екіге бөлу туралы жарлыққа қол қойды
Қасым-Жомарт Тоқаев Білі және ғылым министрлігін қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар жаңа ведомстволардың басшыларын тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын", - делінген құжатта.