AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төбесін тіреуішпен тіреп қойған: Алматы облысында ата-аналар 73 жылдық тарихы бар мектепті жабуды талап етуде

Қарасай ауданы Долан ауылының тұрғындары 73 жылдық тарихы бар мектепті жабуды талап етіп келе жатқанына көп болды. Ата-аналардың шағымынан соң шенділер 250 оқушы оқитын мектепке ағаш тіреуіштер әкеліп қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Сөздің шыны керек бағдарламасына сілтеме беріп. 

Асханасы, дәретханасы, спортзалы, кітапханасы жоқ көне ғимараттың бір қабырғасын тесіп, дәретхана салатынын естіген ата-аналар ашуға басыпты. Қирайын деп тұрған мектепте оқитын оқушылар үйіндінің астында қалады деп ата-аналары алаңдаулы.

Төбесін тіреуішпен тіреп қойған мектепте оқитын балалардың қауіпсіздігіне алаңдағандардың кейбірі балаларын басқа мектепке берген.

“Шегеге бекітілмеген тіреуіштер. Әншейін тұр дегендей етіп жасай салған”, – дейді Долан ауылының тұрғыны.

“Өзінің өлшемі бар шеге. Тіреуіштерді тіреген себебіміз былтыр ата-аналар шулады. Тіреуіш те тұр, құламайды”, – дейді мектеп директоры Гүлнәр Раисова.



Кейбір ата-аналар сұхбат беруден қорыққандықтан бас тартқан. Себебі оларды полиция іздеп жүрген көрінеді.

“Халық жауымыз ба? Балаларымыздың денсаулығын уайымдағанымыз үшін үйге участковыйлар келіп жатыр. Көп ата-ана келген жоқ, себебі қорқады”, – дейді Жазира Жомарт.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі Райымбек ауылдық округінің Долан ауылында 600 орындық жаңа мектеп салу үшін құрылыс монтаждау жұмыстарының басталуына 1 млн теңге қаражат бөлініп, Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасында ашық конкурсын жарияланды деп хабарланған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр