Тырнақша қай кезде қойылады?

Жазуда тырнақшаның рөлі ерекше. Бүгінгі материалымызда тырнақшаның қай жағдайларда қойылатынын толығырақ таныстырамыз.

Тырнақша – жазуда пайдаланылатын тыныс белгілердің бірі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен нәрселердің шартты атаулары екендігін білдіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын белгі.

Тырнақша қай кезде қойылады?
1. Төл сөздер тырнақшаға алынады. Мысалы, Мадина «Сен ертең кел»  деді.

2. Мақал-мәтелдер, афоризмдер тырнақшаға алынады. Мұндайда оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды.

3. Ойға тірек етіліп отырған сөздер мен сөйлемдер, жеке дыбыстар жазуда тырнақшаға алынады.
Мысалы:"А" дыбысы - дауысты дыбыс.

4. Әжуа, сықақ, кекесін, мысқыл мағынасында қолданылған сөздер мен сөйлемдер тырнақшаға алынады.

5. Дәйексөз тырнақшаға алынады.

6. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы-қарар аттары өзге біреудің сөзінің ішінде қолданылғанда, бұлар тырнақшаға алынады.

7. Кәсіпорын, фирма, зауыт, фабрика, ұйым аттары мен машиналар мен құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда, тырнақшаға алынады.

8. Дәйексөз ретінде келтірілмей, біреудің сөзі мағына жағынан сөйлемге жанастырыла алынады. Олар да тырнақшаға алынады, бірақ алды-артынан төл сөзге тән тыныс белгісі қойылмайды әрі кіші әріптен басталып жазылады.

9. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр