Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірі өлік болдым": Әнші Серікбол Сайлаубек әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

Танымал әнші Серікбол Сайлаубек Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өмірі туралы, отадан кейінгі жағдайы туралы ашып айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

“Мен көзіме ота жасатқан соң нашарлап кетті. Көздің ішінде қоқымдар қалып қалған. Сондай сәттерде мені түсіну керек пе еді деп ойлаймын. Сол кездері өзіммен өзім алысып кеттім. Сонда менің бір жағыма шығу керек еді. Ол кезде мен біреудің көңіліне қарайтын жағдайда болмадым. Мен ұрысатын, бәле бастайтын азамат емесіпн. Еркек адамның тамағы тоқ, киімі бүтін болса сол жетеді. Жағдайын жасадық. Ол кісіні кінәлай алмаймын, мүмкін кінә менде де бар шығар. Отадан кейін бәрі жақсы болғанда, мүмкін соңғы 4-5 жылда мен басқаша әрекет етер ме едім. Енді ғана өзіме келіп жатырмын”, – дейді әнші

Өнер иесі отадан кейін көзі көрмей қалғанын айтты.

“Бір аптадай соқыр болып қалғанда өмірдің тұрақсы екенін түсіндім. Тірісің, бірақ көзің көрмейді. Тірі өлік болдым. Сол кезде атақтың да, дүниенің де түкке тұрғысыз екенін түсіндім. Алланың сол сынағынан кейін кей адамдардың шын мәнінде қандай екенін білдім. Негізі ондай кезде адам жаныңда болып, қолдау көрсету керек емес пе? Қиналған кезде жаныңнан табылмаған адам – дұрыс емес. Содан әйеліме “Осымен қояйық. Сен келіп, кетіп жүретін мен “проходной двор емеспін” дедім. Менің де намысым бар, халық таниды”, – дейді Серікбол Сайлаубек.

Әншінің әйелімен ажырасып кеткеніне 4-5 жыл болса да, әлі де араласып тұрады.

“Ажырасты деген құр сөз. Қарым-қатынас бар. Балаларыма барып тұрамын. Бірақ ол кісінің өмірінде шатағым жоқ. Баларалымды алып кетіп, қыдырамыз. Әкелік міндетімді орындап жүрмін. Байланыс бар, тамағын, шайын ішіп жүрмін. Бірақ арамыз суып кеткен. Мен ол кісіге өкпелемеймін. Мүмкін Талдықорғанда тұрғысы келмеген шығар. Бірақ үйде отырып, тамақ жасап, кір жуғаннан да шаршайсың ғой. Оны да түсінуге болады. Ана болу да оңай емес. “Көр, өмір өзіңдікі. Мен қолымнан келгенше қолдау көрсетемін. Жау емеспіз ғой. Өзіңді қинама” дедім. Тіпті бәрі қалпына келгенмен де осындай сәтте жанымнан табылмаған соң көңілге сенімсіздік ұялайды екен. Бұрынғыдай сене алмаймын. Бастысы дені сау, басы аман болсын, балаларымның анасы ғой”, – дейді өнер иесі. 

Бірінші әйелімен ажырасып кеткенін айтқан әнші қазіргі кездегі жеке өмірі туралы айтудан бас тартты. 

Айта кетейік, бұған дейін Серікбол Сайлаубек әйелімен ажырасып кеткенін айтқан болатын. 

Талқылау