Тимур Құлыбаев құны 250 миллион теңге тұратын тағы бір жер телімінен айырылды
Фото: Ашық дереккөздерден
Тимур Құлыбаев құны 250 миллион теңге тұратын тағы бір жер телімінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тимур Құлыбаев басқаратын "Кипрос" ЖШС-нің Атыраудағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады өңірлік прокуратура.
Олигархтың компаниясы бұл жерді пирс салу үшін алғанымен, жоба іске аспаған. Аумағы 3,46 гектар болатын жер телімінің құны 250 миллион теңгеге бағаланған.
Құлыбаевқа тиесілі Қапшағай жағалауындағы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды
"Қадағалау актілері негізінде мемлекет меншігіне жалпы аумағы 31 432 гектарды құрайтын, құны 196 миллион теңге болатын 16 игерілмеген жер телімі қайтарылды", – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Тимур Құлыбаевтың компаниясынан Атырау қаласындағы Орал жағалауындағы жер учаскесі тәркіленгенін жазғанбыз.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”
