Тығырыққа тірелді: Израиль барлау қызметіне Катардан кетуге бұйрық берілді
Израиль билігі Катардан келіссөз жүргізушілер тобын қайта шақырып алды. Себебі Газа секторында ХАМАС ұстаған адамдарды босату жөніндегі келіссөздер тығырыққа тірелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы премьер-министр Беньямин Нетаньяху кеңсесінде айтылды.
Парсы шығанағы елдерінде ХАМАС пен Израиль арасында жеті күнге созылған келіссөздер бітімге әкелген еді.
Алайда Израиль Хамасты келісімдегідей кепілге алынған барлық әйелдер мен балалардың қайтарылуын қамтитын бөлігін орындамады деп айыптады.
Ал Хамас өз мәлімдемесінде Израиль мен АҚШ-ты диалогты тоқтатқаны үшін айыптады. Содырлар тобының мәлімдеуінше, Израиль тұтқындарды айырбастау және Газа секторын бомбалау кезінде қаза тапқан кепілге алынғандардың мәйіттерін беру туралы ұсынысынан бас тартқан.
Хамас саяси бюросы басшысының орынбасары Салех әл-Арури Әл-Жазираға келіссөздер аяқталғанын растап, атысты тоқтатылмайынша, кепілге алынғандар босатылмайтынын айтты.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық анасы қайтыс болған соң Мысырға алған турынан бас тартып, ақшасын толық қайтара алмай жүр
Галина: "Неге Қазақстан заңнамасында мұндай жағдайда ақшаны қайтарудың орнына негізсіз айыппұл салады?"