Терезені сындырып қашып кеткен: Ақтөбеде кәмелетке толмаған үш қыз іздестіріліп жатыр
Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.

"8 желтоқсан полицияға "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы тәрбиешісінің көмекшісі хабарласып, сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып қашып кеткенін хабарлады", - деп жазылған хабарламада.
Олар:
Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туған. Бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара.
Тезекбаева Амина Иманқұлқызы - 14.03.2006 жылы туған. Бойы 165 см, дене бітімі арық. Шашы қоңыр. Сол жақ иықта меңі бар.
Дошонова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туған. Сұры түсті спорттық киім киген.
Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.
Полиция кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін білетін азаматтардан "102" немесе 8 771 785 1058 телефондарына қоңырау шалуды сұрады.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"