Теңізде цистерна жарылып, қызметкер опат болды
Теңіз кен орнында жазатайым оқиға орын алды. "Вакуум" машинасының цистернасы жарылып, 37 жастағы қызметкер көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 8 ақпан түстен кейін болды. 30 жастағы ер адам жарақат алып, 37 жастағы қызметкер мерт болды.
Атырау облысының полиция департаментінің мәлімдеуінше, ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі "Адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.