Теңіз кен орнында өрт шықты
Теңіз кен орнында өрт шықты. Ақпаратты Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1 наурыз күні сағат 16:40-та Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық қалашығында кәсіпорынның ашық алаңында өндірістік тұнба өртеніп жатыр. ТШО өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, өндірістік тұнба өртеніп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, 200 шаршы метр аумақ өртенді", – деп түсіндірді төтенше жағдайлар басқармасы.
ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТШО PASS – 17 қызметкер мен 4 техника және "COCR" ЖШС – 6 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылған.
"Құлсары қаласынан Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланады", – деп толықтырды ведомство.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"