Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық зиялы қауым “Таза Қазақстан” акциясын қолдады

Астанада "Таза Қазақстан" акциясы аясында №107 мектеп аумағында ағаш отырғызу шарасы өтті.

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкерлері мен қала зиялылары бірлесіп, табиғатты қорғауға бағытталған маңызды шара өткізді. Бұл игі іс қаладағы №107 мектеп аумағында ұйымдастырылып, жасыл желекті көбейтуге зор үлес қосылды.

Шара барысында 20 түп қарағай мен 10 түп алмұрт ағашы отырғызылды. Әрбір егілген көшет – болашаққа деген сенімнің, табиғатқа деген жанашырлықтың және туған жерге деген сүйіспеншіліктің белгісі.

"Табиғатты аялау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар қаламыздың көркеюіне, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және жас ұрпақтың санасына табиғатты қорғау құндылықтарын сіңіруге жол ашады. Жасыл Астана – жарқын болашақ кепілі!” – деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкері Жапсарбай Шыңғыс Назарұлы.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Сәуір, 2026 16:13