Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайваньда соңғы 25 жылда болмаған қуатты жер сілкінісі болды: Ғимараттар құлап, қаза тапқандар бар (видео)

Тайванда болған зілзаладан жеті адам мерт болып, елуден астам тұрғын жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Интерфакс

Өрт сөндіру қызметі Тайваньдағы жер сілкінісінен бір адам қаза тауып, 50 адам зардап шеккені хабарланған еді. Алайда ұлттық өрт агенттігінің соңғы мәліметіне сәйкес 7 адам көз жұмған. 

Сонымен қатар, Тайвандағы зілзаладан кейін Жапонияда зардап шеккендерге қатысты ақпарат жоқ. 

РИА Новости хабарлауынша, Хуалянь қаласындаЧжуншань және Чунцин көшелерінің қиылысында ішінара қирап, қисайып қалған ғимаратта сегіз адам қалып кеткен. Оқиға орнына құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жетті. Бірақ құтқару жұмысы кезінде афтершоктар қайталанып жатты. 

Айта кетейік, Тайванда бүгін Бейжің уақытымен таңғы 07:58-де 7,7 балдық зілзала болды. Содан кейін 6,6 балдық жер сілкінісі қайталанды. Метеорологтар Тайваннан шығысқа қарай 5,4 балдық төрт зілзала болғанын хабарлады. 

Зілзаладан Хуалянь қаласында ғимараттар қирады. Сонымен қатар Тайбэй аудандарында электр желісі үзілді. Тайбэй метросын толық тоқтатуға тура келді. Аралдың шығысында көшкін жүрді. 

Оған қоса Жапонияның оңтүстік-батысындағы Окинава префектурасының Миякодзима және Яэяма аудандарында және Окинава негізгі аралында цунами болуы мүмкін екені туралы ескертілді. Содан кейін биіктігі 3 метрлік цунами жаониялық Ёнагуни аралына жетті деген ақпарат тарады. Кейінірек ол Жапонияның Исигаки аралының жағалауына жеткен. 

23 миллион халқы бар аралда пойыз қатынасы тоқтатылды. Сондай-ақ Тайбэйде жер үсті арқылы өтетін метро желісі жартылай зақымдалды. 

Бұған дейін жапониялық ғалым Алматыдағы Көктөбе телемұнарасының жер сілкінісіне дайын емес екенін айтқан еді. 

"Қазақстанда докторлық диссертация қорғаған жапон ғалымы, Осака университетінің профессоры Алматыда жер сілкінісі болатынын және қаладағы көптеген ғимараттар сейсмикалық дүмпулердің әсеріне дайын еместігін айтты. Әсіресе, Алматыдағы ескі телемұнаранының жағдайына қатты алаңдайтынын жеткізді. Жапондар Алматы мен Қазақстанның оңтүстігіне бізден көбірек алаңдайды", – дейді Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті Асқар Жүсіпбеков.

Талқылау