Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасмағамбетов Мұхамедиұлының марқұм анасына құран бағыштады (фото)

Иманғли Тасмағамбетов марқұм болған Арыстанбек Мұхамедиұлының анасының басына барып, құран бағыштады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тасмағамбетов пен Арыстанбек

Бұл туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің Instagram парақшасына жариялады. 

Бұған дейін шетелде іссапармен жүрген Тасмағамбетов 5 қаңтар күні дүние салған Күлімхан Төлендиеваның жерлеу рәсіміне келе алмай қалыпты. Сол себепті ол қырық күн өтпей жатып, марқұмның басына келіп, құран бағыштап қайтыпты. 

бағыштау

"Еліміздің тұғырлы тұлғасы, дүниежүзіне белгілі қайраткер Иманғали Нұрғалиұлының осындай шынайы адамдық қадамына қарап, өз халқына деген кіршіксіз сүйіспеншілігін, серіктес әріптестерін әрқашан шексіз қамқорлыққа бөлеп жүретін асыл қасиетін үлкен мақтанышпен айтуға болады. Иығыма қолын салып тұрып айтқан: Тоқсанға, мейлі жүз тоқсанға келсе де, Ананың аты – Ана. Маңдайыңнан сипаған алақанына бұл жалғанда ешнәрсе жетпейді, – деген жұбаныш лебізі ортайып қалған көңілге өлшеусіз жылу-қуат берді",  деп жазыпты Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Бұған қоса Арыстанбек Мұхамедиұлына көңіл айтуға Қазақстан Республикасының Еңбек Ері Асанәлі Әшімов те келіпті. 

Өз кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайының директоры көңіл айтып келгендерге алғыс білдірді. 

көңіл айтты

Талқылау