Таразда жалдамалы пәтерден екі әйелдің мәйіті табылды
Тараз орталығындағы жалдамалы пәтерден зорлық белгілері бар екі әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com
Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі тараздық екені хабарланды.
Жамбыл облыстық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облыстық ІІД басшылығы шықты. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады полиция басқармасы.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген
"Ұятпен қорғалған қатыгездік": 10 жыл бұрын топтық зорлық құрбаны болған Жібек әділдікке қалай қол жеткізді
Сот төрт айыпталушыны кінәлі деп таныды