Таразда моншаға түсіп жатқан үш адам көз жұмды
Таразда моншада үш адамның мәйіті табылды.

“28 қаңтар күні монша пешінің дұрыс жағылмауы себебінен үш адам көз жұмды. Ыстан уланған тағы бір азаматша емханаға жеткізілді”, – деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Марқұм болғандардың бірі 84 жаста, бірі 80, енді бірі 64 жаста болған. 58 жастағы әйел адам ауруханада жатыр.
Жыл басталғалы бері өңірде осыған ұқсас 15 қайғылы жағдай болды. Ыстан уланған 14 адамның 6-уы көз жұмған.
Тағы да оқыңыз:
Алматылық полицей қала тұрғынын құлдыққа жіберіп, ұлын өлтірмек болған
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
«Анам комада жатыр»: Жамбыл облысында әйел бұрынғы күйеуінің үйінен ауыр жарақатпен табылды
Облыстық департамент жағдайды өз бақылауына алды