Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда "Маугли" отбасы табылды: 40 жастағы ер адамдар мен анасының жағдайы мүшкіл

Желіде тараздық еріктілердің антисанитариялық жағдайда тұратын "Маугли" отбасын тапқан сәті видеоға түсіп қалды. Кадрларда анасысымен бірге тұратын ұлдары Иван мен Александрдың психологиялық ауытқулары бар екені байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Анасының жасы – 78-де. Қазір кейуана ауыр халде болғандықтан 40 жастағы ұлдарын қарауға денсаулығы жарамайды. Еріктілердің айтуынша, анасының аясында құрт бар.

"Добрые сердца Тараз" қоғамдық бірлестігі отбасының қазіргі мүшкіл жағдайын бөлісті.

"Ваня әлі күнге дейін атасы оларды психологиялық мекемеге қамап, қалай ұрған кезін ұмытпаған. Бүгін бөлмелерді ашқан сәттегі Сашаның құрғақ вермишель жеп жатқанын көре аласыздар. Сол себепті біз күнде келіп, әрқайсысын жеке-жеке тамақтандырып кетеміз. Ваняға өмірдегі ең маңызды нәрсе – тамақ. Өйткені ол "Маугли" секілді оны жасырып, тығып жейді. Енді біз олардың өмір сүру жағдайын тез арада ретке келтіруіміз қажет. Қарт ананы мұнда әкелуге болмайды", – деп түсіндірді қоғамдық бірлестік.

Бұл отбасы тұратын үй антисанитариялық және қорқынышты жағдайда. Үйдің барлық жері ластанып, сасық иіс басып кеткен. Еріктілер қазір бұл отбасын қайда орналастырарын білмей қиналып отыр. Қоғамдық бірлестіктегілер ауруханада жатқан ананың емделуіне және отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге қаражат жинауды бастап кеткен. 

Редакция Жамбыл облысы әкімдігінен оқиғаға қатысты түсініктеме сұрады. Әкімдіктің дерегінше, қария қазір ем-дом алып жатыр. 

"Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен "Е-Собес" ақпараттық жүйесінің  мәліметінше, Любовь Степановна Гатченко 1947 жылғы. Жасы бойынша зейнеткер, ай сайынғы зейнетақы төлем сомасы – 106 101 теңге, бірге тұратындар көрсетілмеген. Сандық отбасы картасына (DFC) сәйкес, Иван Юрьевич Герусов бірге тұрады. И.Ю.Герусов туралы мәліметтер "Е-әлеуметтік қамсыздандыру" ақпараттық жүйесінде көрсетілмеген. E-Sobes және Digital Family Card (DFC) ақпараттық жүйелерінде екінші немересі туралы ақпарат жоқ", – деді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, "Добрые сердца Тараза" еріктілері отбасына барлық көмекті (үй жөндеу, тазалау, жиһаз, киім-кешек, азық-түлік сатып алу) көрсетеді. Түсініктемеге сәйкес әже немерелеріне мүгедектікті тіркеуден бас тартқан. Себебі әже оларды психохрондық науқастарға арналған пансионатқа орналастырылады деп қорыққан. Қазір әже ауруханада жатыр.

"Тексеру барысында немерелерінің медициналық көмекке мұқтаж екені анықталды. Мүгедектік анықталмаған. Әлеуметтік кодекске сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері) функцияларына берілген өтініш негізінде қызмет көрсету кіреді. Бұл отбасы әлеуметтік қорғау органдарына көмек сұрамағандықтан, тиісінше, оларға әлеуметтік көмек көрсетілмеген. Әлеуметтік көмек алу үшін бұл санаттағы адамдар алдымен денсаулық сақтау органдарына хабарласуы керек. Егер денсаулық сақтау органдары немерелерінде психоневрологиялық ауруларды анықтаса, оларды психологиялық клиникаға жатқызу керек", – деді баспасөз өкілі.

Әкімдіктің дерегіне сенсек, бұл жағдайда немерелер мүгедектікті белгілеп, "Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектерге арналған ММУ" іс-шарасын көрсететін оңалту және сауықтырудың жеке бағдарламасын (ЖОСБ) әзірлеуі керек. 

"Егер мүгедектік анықталса және бағдарлама әзірленсе, әлеуметтік қорғау органдары көмек беру шараларын қабылдайды. Қазір бұл отбасының жағдайын Тараз әкімдігінің өкілдері, оның ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі және қамқоршылық кеңесінің мүшесі қадағалап отыр", - деп жауап берді Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте психикалық мекемеде тіркеуде тұрған ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені туралы жазған едік. Өзін “емшімін” деп таныстырған ер адам балаларды Шымкент, Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы балалар үйінен алып кеткен. Екі бала асырап алынды, қалғандары қамқоршылыққа алынды.

Талқылау