Таразда мас ер адам полиция қызметкерін пышақтап тастаған
Таразда мас ер адам полиция қызметкерін пышақтап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: polisia.kz
Оқиға 3 қаңтар күні сағат 05:00 шамасында Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Мас күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып, пышақпен шабуылдаған.
“Осы сәтте мейрамханада күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері дер кезінде араласып, күзетшіні қорғап қалды. Оқиға барысында тәртіп сақшысының оң қолы жарақат алды”, – делінген хабарламада.
-
Алматы облысында полиция қызметкерін көлік қағып өлтірді
-
Талдықорғанда полиция қызметкері прокуратура ғимаратында өзіне қол жұмсамақ болды
Полицей алған жарақатына қарамастан қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданып, бұзақыны тұтқындаған.
Полиция департаменті күдіктіге қатысты “бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда тай боксынан әлем чемпионы атанған 20 жастағы жігітті пышақтап, өлтіріп кеткені туралы жазған едік.