Таразда аурухана дәрігерлері жаңа туған сәбилерді сатты деп күдіктелуде
Тараздағы қалалық көпсалалы ауруханада екі медицина қызметкері жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі бұл жағдайды растап отыр.
Белгілі болғандай, Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, жаңа туған нәрестелерді сату фактісін анықтады.
"Аталмыш факті бойынша 2023 жылдың 12 қаңтарында Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі медицина қызметкері қамауға алынды", – делінген прокуратураның хабарламасында.
Дәрігерлер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық істі тергеуді қалалық прокуратура өз бақылауына алды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан