Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосынов қала әкімі қызметінің міндеттерін уақытша атқаратын болады.
Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатуды тапсырған еді. Аталған шешім қаладағы мектептердің бірінің дәретханасында оқушы қыздың зорлануымен байланысты.
Мемлекет басшысының сөзінше, әкім жұмысында жүйелі қателіктер жіберген. Сонымен қатар Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне де ескерту жасады.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін