Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танкке "Z" белгісін салып кеткен қазақстандық қалай жазаланды

Саран қаласының полициясы танкке “Z” белгісін салған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

танк сараннн

Жазудың авторы 54 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

“Шешім қабылдау үшін материал сотқа жөнелтіледі”, – деп мәлімдеді Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсақ бұзақылық жасаған адам 5 АЕК (15 315 теңге – Ред.) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.



Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Саран қаласында белгісіз біреулер танкке “Z” белгісін салып кеткені туралы жазылған еді. Танк ежелден келе жатқан ескерткіш және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған мемориалдың жанына қойылған.

Қылмыскерлерді іздеу үшін полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Ал бояудың үстіне әкімшілік қара бояу жағып қойған.

Талқылау