Тамара Асар көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті
Әнші Тамара Асар алғаш рет сәбиін көпшішілікке көрсетті. Ол 8 наурыз мерекесіне орай қызымен түскен суретін жариялап, әйелдер қауымын құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Асар қызы Ажармен түскен суретін жариялады. Онда анасы мен қызы қызыл түсті киім киген. Әнші аталған суретпен бірге әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді.
"Әлемді әдемілігімен әлдилеген әйел затының әсем мерекесі 8 наурыз құтты болсын!
Барша ақжаулықты аналарды, жеңгелерді, апайларды, апаларды, келіндерді, құрбыларды, сіңлілерді, шәйқұяр бөпелерді шын жүректен құттықтаймыз!
“Әлсіз ғой” деп аялайтын ерлердің мәңгі музасы болайық. Олар қорғанымызды мықтасын, біз орманымызды түптейік.
Алла бізге лайымда бейбіт күннің бесігін тербетуді мәңгіге еншіге берсін.
Жасымызға қарамай әрбір қызжүрек жан БАҚЫТТЫҢ базарында шалқиық. Әмин", – деп жазба қалдырды әнші.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды