"Талибан" өзбек тілін ресми мәртебесінен айырды
"Талибан"* радикалды ұйымы өзбек тілін Ауғанстандағы ресми мәртебесінен айыратын уақытша заң шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтының ақпарат көзіне сілтеме жасап.
"Негіздер" деп аталатын қабылданған заңға сәйкес, елде тек пушту мен дари ғана мемлекеттік тіл болып қала береді, ал ханафи мазхабының сунниттік исламы жалғыз ресми дін болып танылады. Сонымен қатар елде әлі де айтарлықтай маңызға ие шииттер қауымы бар екені және солтүстік провинцияларда өзбек тілінде сөйлейтін халықтың көп тұратыны айтылады.
Заң сонымен қатар Ауғанстанда ислам заңгерлері кеңесі мен жоғары кеңес құруды көздейді, оның құрамына әр аймақтың саясаткерлері, ғалымдары мен дінбасылары кіретін болады. Атқарушы биліктің басшысы – президент болып, оны азаматтар мен жоғары кеңес мүшелері сайлайды.
Ауғанстанда әйелдер демократияға қарсы митингке шықты
Бұдан бөлек, құжат Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясының өкілдерін депутаттық айрықша мәртебесінен айырады және британдықтардан, ресейліктерден және американдықтардан алған Тәуелсіздік күнін мереке ретінде бекітеді.
Бұған дейін Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов "Талибан" қозғалысы өзбек билігіне Ауғанстандағы өзбек тілінің ресми мәртебесін сақтауға кепілдік беретінін айтып, оның аталған елде зерттелуіне және дамуына ықпал етуге уәде бергенін айтқан.
"Талибан"* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.