Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда жүргізуші 10 жасар қыз бен оған тиіскен ер адамды автобустан далаға шығарып жіберген

Талдықорған тұрғыны 10 жасар қызының басынан өткен оқиғасын көпшілікке жариялады.

Анасы қызының бет-жүзін көрсетпестен видеоға түсіріп, желіге салды. Видеода бүлдіршін автобуста өзіне ер адамның тиіспек болғанын айтады.  Айтуынша, жолаушылар ішінде жас жігіт оған араша түскен. Алайда ер адам оған жұдырық жұмсапты, деп хабарлайды 31 арна.

Автобус іші қанға боялғандықтан жүргізуші жас жігіт пен ер адамды, онымен бірге бүлдіршінді де аязда далаға шығаып жіберген.

Бұған жолаушылар да қарсылық танытпаған көрінеді. 10 жасар қыз өзге автобусқа міну үшін 3 аялдама жаяу жүрген.

«Барлық жүргізушілермен сөйлестік. Олар мұндай оқиға болмағанын айтуда», – дейді  көлік компаниясының жетекшісі Манарбек Жарахметов.

Анасы полицияға шағымданғанымен дәлелдей алар емес. Сол оқиғаның куәгерлері табылмайынша, бұл істің қараусыз қалатын түрі бар.

Тағы да оқыңыз:

Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі ресми түрде мәлімденді

Семейде 21 жастағы жігіт үш сәбиді өлімнен құтқарып қалды

Семейде 12 жастағы қыз рак ауруына шалдығып, төсек тартып жатыр

Талқылау